«1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ» МЕРЕКЕСІ СЫРДАРИЯДА КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТІЛДІ
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі серпінді Сырдария ауданында кең көлемде аталып өтілді.
Айтулы мерекеге орай Тереңөзек кентіндегі орталық алаңда мерекелік концерттік бағдарлама мен театрландырылған қойылым ұйымдастырылды.
Мерекелік концертте Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев аудан тұрғындары мен қонақтарын шуақты мерекемен құттықтады.
Сонымен бірге, аудандағы бірлікті нығайтуда жемісті еңбек етіп келе жатқан этнос өкілдеріне және көктемгі су тасқыны кезінде апаттың алдын алуға зор үлес қосқан азаматтарға аудан әкімінің «Алғыс хаттары» табыс етілді.
Салтанатты шарада аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында өткен "Үздік оқырман" аудандық байқауының жеңімпазы атанған №137 орта мектеп оқушысы Ғайниза Бөкенбайқызына аудан әкімінің арнайы дипломы мен сыйлыққа велосипед берілді.
Мерекелік концертте ұзақ жылдар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып, жауапты қызметтерді абыроймен атқарған Б.Өтегеноваға құрметті зейнет демалысына шығуына орай құрмет көрсетілді.
Соғыс және еңбек ардагері, "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" Яхия Тасыров ақ батасын берді.
Шара барысында аудан өнерпаздары патриоттық әндер айтып, аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір 2