Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕР-АНА – БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ

ЖЕР-АНА – БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ


Тұғыры биік қазақ мемлекеті қашанда ынтымағы жарасқан қалпынан тайған емес. Бүкіл қан тамырынан дарыған тектілік символы алмас қы­лыштай жарқылдай түседі. Қаймағы бұзылмаған ұлтымыздың жарқын бе­лесті бағындырып, әлем картасынан ойып тұрып орын алғаны мақтанарлық. Баға жетпес құндылығы – кең байтақ жері екені рас. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз найзаның ұшымен туған жерімізді қорғап қалғаны мәлім. Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында праг­матизмнің негізгі фукциясына тоқталып, бүгінгі халық қазынасы жолындағы ерен еңбектерді баға­лады.
Міне, әлемде жер көлемі бойын­ша тоғызыншы орынды алатын Қа­зақстан ХХ ғасыр шеңберінде көп­теген жерінің құнарсыздануына, есеп­­сіз жыр­тыл­уына себепкер атанды. Мақ­сатсыз пайдаланылған жеріміз тозуға шақ қалғаны айқын. Соның салдарынан Жер-Анамыз құрдымға кетіп, бойындағы құнарын жоғалтты. Бұған дейін тұлпардың тұяғы тиген жерімізге адам сенгісіз залал келтірілді. Мыңдаған гектар миялы жеріміз экологиялық ай­маққа айналып, мамандардың басты мәселесіне айналған жайы бар. Десек те, экологиялық факторды болдырмау, тиісінше құлдырауға жол бермеу үшін әлі күнге ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл ретте мақала өзегіне тереңдейтін болсақ, алдағы уақытта қисынсыз дүниеге жол бермей оңтайлы жақтарын қарастыру керектігі айтылады. Сонымен қатар, ескілік дағ­дыдан айнып, жаңашылдықты ен­гізу бүгінгі күннің талабы іспетті. Нем­құрайлық қашанда елдігімізге сын.
Нақты ұлттық және жеке байлықты сақтай отырып, ысырапшылдықтан үнем­ділік қағидатын ұстану әрбір азамат қаперінде болуы тиіс. Келе­шек ұрпақтың өмірі табысты, әрі жар­қын болуының негізгі функциясы ел бірлігінде жатыр. Ал, даңғойлық пен кердеңдікті бойымыздан сылып тас­тап, қоғамның шынайы болмысын қалыптастыру міндет. Ұлт үшін қастерлі жеріміз, ана тіліміз, дініміз, діліміз, тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын же­тістігі. Ендігі жерде халқымыз ұстамды қалпынан таймай, қанағатшылдық пен қарапайымдылықты негізгі ұлт бет-бейнесіне айналдыруы парыз.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ
31 шілде 2018 ж. 2 534 0