Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Республика күні, алтын күз мерекесіне орай сырдариялықтар марапатталды

Республика күні, алтын күз мерекесіне орай сырдариялықтар марапатталды

Сырдария ауданында Республика күні мен қазақтың көрнекті ақыны Ұлбике Жанкелдіқызының 200 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, аудан әкімі Берік Сәрменбаев, мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, ардагерлер мен аудан тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында аудан әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы мен облыс әкімінің орынбасары Зебешев Ардақ Темірханұлы құттықтау сөз сөйлеп, барша жұртшылықты мерекемен құттықтады. Өз сөздерінде олар ел бірлігі мен ынтымағының маңыздылығына тоқталып, ауданның дамуына зор үлес қосқан азаматтарға алғыстарын білдірді.

Мерекелік концертте ауданның белсенді азаматтары мен түрлі сала қызметкерлеріне облыс әкімі Н.Нәлібаевтың және аудан әкімі Б.Сәрменбаевтың “Құрмет грамотасы”, “Алғыс хаттары” табысталып, еңбек озаттары мен үздіктері мапапатталды. Бұл марапаттар олардың еңбегі мен қоғам өміріне қосқан үлестерінің жоғары бағаланғанын айғақтады.

Концерт барысында аудан өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, би және терме жанрларында өнер көрсетті.


Сырдария ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

25 қазан 2025 ж. 1 081 0