ҰЛТТЫҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ – ТУҒАН ЖЕРІ
Әрбір азамат елінің келешегінің кемелденуі жолында аянбай еңбек етеді. Қазақы ғұрыпты бойларына сіңіріп, жаңарған заман көшіне ілеседі. Тұтастай ұлт болып жаңғыру жолында тың серпіліс жасай білсек болашағымыз бұлыңғыр болмасы хақ. Ақиқатында өткен ғасыр шеңберінде басты байлығымыз жерімізді мақсатсыз пайдалану көзделген. Соның салдарынан азып-тозған жерлерімізді қалыпқа келтіру жұмыстары тәуелсіздік алған жылдардан кейін жүзеге асты.
Елбасы айтулы мақаласында халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келеді делінген. Айтса айтқандай-ақ, Қазақстан жерінің біраз бөлігінде қазба байлықтар қоры жетерлік. Әр өңір қазба байлықтары тиісінше игеріп, өндіріс орындарын кеңінен ашуда. Үлкен заводтар мен фабрикалар ашылып, жергілікті тұрғындарға жұмыс көздері табылып отыр. Десек те, жер қойнауынан шыққан металдарды тиісінше өңдеп, сапалы өнімдер шығарылуда. Ауыл шаруашылығы бағытында да келелі жұмыстар жүргізіліп, дихандар қауымы астықты молынан жи- науда. Бұл дегеніміз кең байтақ жеріміздің дархандылығы десек болады. Жаңғыруға бетбұрыс жасаған еліміз қашанда озық тех- нологияларды пайдалана отырып, жаңа өнімдерге қол жеткізуде. Отанымызды ата-бабамыз қасық қаны қалғанша қорғап, келешек ұрпаққа ұлан ғайыр дархан даласын, кең байтақ жерін мұраға қалдырғаны тегіннен тегін емес екендігін дәлелдеді. Жер қойнауындағы қазба байлықтарды ұтымды игеріп, халық мүддесіне пайдалану басты парыз екендігін әрбір қазақстандық азамат жақсы біледі. Менделеев кестесіндегі барлық элемент- тер табылатын жерімізді тиімді пайдаланып, еліміздің өзге де дамушы мемлекеттермен иық теңестіріп, озық 30 дамыған әлем державаларымен қатар тұру басты мақсатымыз екені анық. Ендеше кең байтақ жерімізді әрі қарай игеру жолында тың бастамалар көтеріп, жаңашыл леппен жаңғыруға атсалысайық.
Балтабай ОРДАБЕКОВ