Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕРКЕ ЕСІЛДІҢ БОЙЫНА ЕЛ ҚОНДЫРҒАН

ЕРКЕ ЕСІЛДІҢ БОЙЫНА ЕЛ ҚОНДЫРҒАН


Әлем елдерінің ішінде жер көлемі бойынша тоғызыншы орынды алатын кең байтақ елімізде әр жылдары тарихи елеулі оқиғалар орын алады. Сонау қазақ хандығынан бүгінгі Тәуелсіз мемлекетке дейінгі құндылықтар өлшемі сақталғаны тектілік қонған ұлт бірлігінің айғағы. Қарыштап дамуға бет алған қазақ мемлекеті дүниежүзі мойындаған, ынтымағы жарасқан халықтың құт мекені. Биылғы жыл еліміз үшін айшықты мерекелер толассыз жалғасын таппақ. Жасампаз жарқын болашақтың қаласы атанған Елордамыз ерке Есілдің бойына көшкеніне биыл 20 жыл.
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдығында жас мемелекет – Қазақстан өз егемегендігін алып, тың жаңалықтар алаңына айналды. Келешегіміз жарқын болады деген сеніммен дербес Республика аумағында реформалар нәтижелі істерге себепкер атанды. Оның ішінде Қазақстанның жаңа заманға лайық астанасын салу идеясын Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ұсынды. Алғашқыда Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Рес­публикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеден қабылдағаны мәлім. Дегенмен Астананы көшіру 1997 жылы 10 желтоқсанда ресми түрде жүзеге асты. Елорданы ерке Есілдің бойына ауыстыру арқылы ел экономикасын серпінді дамытуға айрықша жол ашу көзделді. Инвестиция көздерін тартып, Еуропа мен Азияның арасындағы алтын көпірге айналған сымбаты келіскен Астананың мәртебесі күн санап артып, атағы дүниежүзінің түкпір-түкпіріне жетті. Күн санап құлпырған Елорда әлемдік өркениеттің еңсе тіктер Ордасына айналды. Көшбасшы державалардың әсем қалада жиі-жиі бас қосып, жаһандық мәселелерді талқылауы да қазақ елінің мәңгілік татулық мекені екенінің жарқын көрінісі.
Мен үшін тосын оқиға Сарыарқа төріне табан тіреу еді. Жұрт жарыса айтқан әсем қала көрінісін көзбен көру бақыты бұйырған сәт. Жолда талай армандар бір-бірімен ұшырасып, мақтаныш сезімі орнады. Екі күндік жолсапардан шаршасақта Астананың тап-таза саф ауасын жұтқанда бойымыз сергіп сала берді. Көздің жауын алатын биік зәулім ғимараттар тек телеаранадан тамашалайтын Астана символдарының жанында жүрміз. Ең алдымен «Бәйтеректі» тамашалауды ұйғардық. «Алып» нысан Елорданың негізгі нышаны. Жоғарыдан барлық қаланың тыныс-тіршілігін, ғажайып көріністерін тамашалай аласыз. Мұндағы сапарымыз Қазақстанның шағын үлгісі іспеттес «Атамекен» этно-мемориалды кешенінде жалғасты. Бұнда еліміздің барлық өңірлеріндегі тарихи орындар мен мәдени ошақтар табиғи географиялық белдеулер, биологиялық құндылықтар шоғыры орналасқан. Ұлттық жәдігерлер бар тарихымызды баян етеді. Ал, «Хан шатыр» ойын-сауық және сауда орталығы, «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Отан Ана» кешені, «Қазақ елі» мемориалды кешені, «Думан» ойын-сауық кешені, «Нұр Астана» мешіті, «ЭКСПО-2017» көрмесінің қалашығы, «Нұр әлем» павильоны барлығыда бас шаһарымыздың айшықты көрінісіне айналған. Жыл өткен сайын жандана түсетін әсем қаланың нағыз кереметі Есіл өзеннің бойы қала қонақтары мен тұрғындар үшін таптырмас мекен.
Сәулетімен сан ғасырлық қазақы ұлттық құндылықтарды ұштастырған Астанада былайғы жұртты танқалдырған талай кереметтер жетерлік. Жиырма жыл ішінде қарқынды құрылыс алаңына айналып, қалаға еліміздің түйпір-түкпірінен қоныс аударушылар да аз емес. Жарқын болашақтың қаласында саяси халықаралық бас қосулар да жиі ұйымдастырылып, жалпақ жұрттың бейбіт қаласына айналуы зор мақтаныш. Қай салада болмасын Қазақстанмен әлем елдері санасуы салиқалы сарабдал саясаттың тұрақтылығының белгісі. Бірер күн бұрын Астанада «Алланың гүлі секілді» посмодернизм стилінде салынған жаңа мешіт ашылды. Бұл Астананың 20 жылдығына арналған зор сый десек те болады. Осылайша әрбір қазақстандық Сарыарқа төсіндегі Елорданың өсіп-өркендеуіне үлес қосып, тарих бетіне жаңа дәуірді таңбалай бермек.
Біз көрген кешегі Астананың бүгінгі келбеті бұрынғыдан да ажары айшықталып, көркейе беретіні анық.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
15 мамыр 2018 ж. 1 252 0