Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ОДАҚ МҮШЕЛЕРІ САЙЛАНДЫ

ОДАҚ МҮШЕЛЕРІ САЙЛАНДЫ


Кеше аудан әкімдігінің мәж­­­іліс залында «Қазақ­с­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­тан фер­м­ерлер одағы» Респуб­ликалық қоғамдық бірлесті­гінің Респуб­ли­ка бойынша және өңір­лерде атқарған жұ­мыс­тары, Қазақстан Рес­публикасының аграрлық сая­сатындағы өзгерістер мен жа­ңалықтар және қоғамдық бірлестікке аудандардан өкілдер сайлау жөнінде жиын өткізілді. Жиынды аудан әкімінің орын­басары Б.Лекеров ашып, жүргізіп отырды.
Негізінен «Қазақстан фермерлер Одағы» 15 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Аталмыш Одақ Республика көлемінде айрықша беделге ие. Ауыл шаруашылығы са­­­­­­­­­­­­­ла­сындағы кез-келген мәселеге үн қатып, ортақ пікір қалыптастыра ала­ды. Оның құрамындағы мамандар шоғыры ауыл шаруашылығының білікті қызметкерлері саналады.
Жиын барысында «Қазақстан фермерлер Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.Өмірзақов сөз алып, ел көлемінде жасалып жатқан жұмыстарға тоқ­талды. Осы орайда, Одақ мүшелері ауыл шаруашылығы саласындағы өзгерістерге өзіндік позициясын білдіре отырып, Парламентке ұсы­ныс­ын жеткізе алады. Сондай-ақ, бір кездері халық арасында қызу талқыға түсіп, күн тәртібінен түспеген жер мәселесіне қатысты жұмыстарға да мамандар өз үлестерін қосқан. Жер кодексіне енгізілген өзгерісті кеңінен талқылап, халыққа тиімді жағын қарастырады. Мемлекеттен қаржыланбайтын бірлестік жұмысын жүргізу айтарлықтай қиындық туғызғанымен қазіргі таңда жан-жақты фукционалдық жұмыс көздері бір арнаға тоғыстырылған. Республика көлемінде сайланған мүшелер әр жұма сайын облыс орталығына жиналып, видео-конференция арқылы жиын өткізіп отырады. Бұдан бөлек, үш ай сайын ауыл шаруашылығы министрімен кездесу жоспарланған. Алдағы уақытта тың өзгеріс орын алған жағдайда шаруаларға түсіндірілетін болады.
Өз кезегінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Ж.Жұмабаев «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы жайлы баяндама жасады. Ал, «КазАгроНесие» акционерлік қоғамының Қызылорда филиалының директоры А.Жылқайдаров, «Аграрлық несие корпорациясы» акцонерлік қоға­мының нес­ие серіктестері кеңес­шісі Н.Жұмағалиев мемлекеттік бағдарлама негізінде алынатын не­сие­нің артықшылығын, бас­ты функциясын, тиімді және ша­руаларға қолайлы жағын сөз етті.
Сонымен қатар, жиында күн көзінен қуат алу мәселесіне байланысты «Энергия үнемдеу» компаниясының ди­рек­торы А.Бейімбетов пен компа­ния­ның жетекші маманы Б.Қасымов түсіндірме жұмысын жүргізді.
Күн, жел, су энергия пайдалану ауыл хал­қына тиімді. Кәдімгі электр энергиясынан құны әлдеқайда төмен. Шалғайдағы шаруаның барлық қа­жетіне жарайтын энергия көзін пайдалана алады. Күн энергия­сын тасымалдайтын панель шет мемлекеттен алынады.
Жиын соңында «Қазақстан фермерлер Ода­ғы­ның» аудандағы өкілдері сайланды.

Б.ОРДАБЕКОВ

31 шілде 2018 ж. 553 0