Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БАСТЫ МІНДЕТ- ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ

БАСТЫ МІНДЕТ- ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ

Кездесуді аудан әкімі Ғ.Қазантаев ашып, бірқатар мәселелерді атап өтті. Жиынның негізгі мақсат, міндеттерін тілге тиек етті. Халық пен билік арасында дәнекер болған депутаттардың қызметтерін жоғары бағалады. Мәслихат - халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті орган екендігін айтып өтті. Туған жерді көркейтіп, туған өлкені дамытуға өз үлестерін қосып жүрген азаматтар қатары баршылық екендігін жеткізді. Аудан көлемінде жыл бойына атқарылған тыңдырымды істерге тоқталды. Жалпы жекелеген азаматтардың қолдауынының арқасында ауылдарымыз өздігінен дамып келе жатқандығын айтты. Барлық сала бойынша жұмыстар ауқымды жүзеге асырылуда.
Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелерге кезек берілді. Алғашқы мәселе бойынша жерлерді құжаттамалық түгендеудің барысы туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Омаров, екінші мәселе аудандарға бөлінген қаржылардың игерілу барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов, үшінші мәселе Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова баяндама жасады. Баяндамашылар аудан көлемінде аталған мәселер бойынша осыған дейінгі атқарылған жұмыстарды тізбектеді. Облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов сөз алып, елдің дам­уына айрықша көңіл бөлу керектігін, халық арасында жақсы пікір қалыптастырып, ел азаматтары бірлесе жұмыс жасау қағидаттарын басты назарға қойды. Кездесуде көтерілген мәселер бойынша тұщымды пікірлерін жеткізді. Елбасының айтулы мақаласынан туындайтын ауқымды жобаларды өңірімізде жүзеге асыру барысына айрықша мән берді. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Ғ. Қазантаев алдағы уақытта аудан көлемінде атқарылатын жұмыстарға шолу жасап, сала мамандарына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
20 қараша 2017 ж. 1 841 0