Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 62 газет

19 тамыз 2025 ж.

№61 газет

16 тамыз 2025 ж.

№ 60 газет

12 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫ ОТЫРЫСЫ

САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫ ОТЫРЫСЫ


Бүгін   «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының  Саяси кеңесінің Бюро отырысы өткізілді. Жиынды  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып ашып, жүргізіп отырды.  Аталмыш отырысқа  аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов, аудандық мәслихаттағы "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшелері, Саяси кеңес Бюро мүшелері қатысты.

Жиын барысында  аудандағы  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасының» орындалуы жайлы, егін шаруашылығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы жайлы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің атқарған жұмысы туралы, Аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның және оның мүшелерінің қызметін бағалау туралы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, тиісті сала басшылары  баяндама жасады.

Б.ОРДАБЕКОВ
15 маусым 2018 ж. 1 549 0