СЫРДАРИЯДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін Сырдария ауданында республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелерінің және агенттіктің өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынды Сырдария ауданының әкімі Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы ашып, жүргізіп отырды.
Кездесуге республикалық мониторингтік топ мүшелерімен қатар, Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Мұхимов Абзал Сансызбайұлы және аудан әкімдігіне қарасты бөлім, мекеме басшылары, жетекші партия белснеділері, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйым мүшелері, білім беру саласының мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Бердалин Арман Тлектесұлы сөз сөйлеп, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы кеңінен айтып өтті.
Сонымен қатар, республикалық арнайы мониторингтік топтың жетекшісі, қоғам қайраткері Соловьева Айгүл Сағадибекқызы республикалық арнайы мониторингтік топ тарапынан сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы мәдениет қалыптастыру және қылмысты болдырмау бағытында атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады.
Жиында «Нұр Отан» партиясының Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы арнайы мониторингтік топ жетекшісі ретінде аудан көлемінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарын болдырмау мен алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстарды баяндады.
Кездесуді Сырдария ауданының әкімі Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы қорытындылап, республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелеріне аудан халқының атынан алғыс айтты.
Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы