Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ


Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері кеше аудан активімен кездесу өткізді.
Аудандық мәдениет үйінде өткен жиынға дербес бөлім басшылары, аудан ардагерлері, үкіметтік емес ұйым төрағалары мен мүшелері, жастар өкілдері және журналистер қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев ашып, жүргізіп отырды.
Келелі басқосуда облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры У.Ибраев сөз сөйлеп, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Сыр өңіріндегі ынтымақ пен бірлікті нығайту, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған негізгі бағыттарды жүзеге асыру бойынша жүргізген жұмыстарын баяндады.
Өз кезегінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшесі М.Жүсіпбекова Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікерді баяндамасына арқау етіп, бірлік пен ынтымақтың басты байлық екенін жеткізді.
Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің директорының орынбасары А.Жұмабаев "Қоғамдық келісім" кеңесінің жұмысы туралы кеңінен ақпарат берді.
Жиын барысында еңбек ардагері, "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" Ұ.Жанәлиева сөз сөйлеп, серпінді Сырдариядағы сындарлы істердің өзге өңірлерге үлгі екенін мақтаныш санайтынын айтып, ардагерлер атынан Қазақстан халқы Ассамблеясы ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің жұмысына жеміс тіледі.
Жиында өңірдегі бірлікті нығайту бағытында жемісті жұмыс жасап келе жатқан бірқатар азаматтар облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің директорының "Алғыс хатымен" марапатталды.
Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

28 маусым 2018 ж. 1 030 0