Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарашаның соңғы күндері ауа райы қандай болады?

Қарашаның соңғы күндері ауа райы қандай болады?

Қараша айының соңғы аптасында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, күн райы құбылмалы болады. 24-26 қараша аралығында солтүстік-батыс циклондар әсерінен бірқатар өңірде көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, 24 қарашада елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін. Бұдан бөлек, республика аумағында тұман түсіп, жел күшейеді.

Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Дегенмен оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде 26 қарашаға қарай күндіз ауа +15...+25 градусқа дейін жылынады.

Айта кетейік, «Қазгидромет» 23 қарашада еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз ауа температурасы +25°C-қа дейін көтерілетінін хабарлаған болатын.


Сурет: НҰрболат НҰРЖАУБАЙ
23 қараша 2026 ж. 65 0