26 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда үсік, тұман және қатты жел күтіледі
Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.Республика бойынша тұман күтіледі. Батыс және оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Бірқатар облыстарда жел күшейеді.
Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарында, сондай-ақ Түркістан облысының жекелеген аумақтарында және Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында ауа температурасы −2…−11 °C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.
Астанада: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде −1…−3 °C, күндіз +6…+8 °C. Жел 2–7 м/с.
Алматыда: көшпелі бұлт, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Түнде −2…−4 °C, күндіз +8…+10 °C. Жел 3–8 м/с.
Ескерту: жолға шығарда ауа райын ескеріп, жол қозғалысы кезінде сақ болыңыздар. Күн райына сай киініңіздер!
Сурет: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ








