Қазақстанда 32 градусқа дейін күн ысиды
Қазгидромет 13 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің оңтүстігінде аптап ыстық пен шаңды дауыл күтілсе, батыста ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.Солтүстік пен орталық өңірлерде тұман түсіп күн салқындайды. Ал шығыста жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Астанада күн ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +18...+20°C.
Алматыда күн ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +6...+8°C, күндіз +20...+22°C.
Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +27...+29°C.
Түркістанда күндіз шаңды дауыл болады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +28...+30°C.
Қонаевта ауа райы ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 9-14 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +21...+23°C.
Талдықорғанда ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +18...+20°C жылы болмақ.
Қызылордада күн райы ашық. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +29...+31°C.
Таразда күн райы ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +24...+26°C.
Ақтауда түнде аздаған жаңбыр мен найзағай болады. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +25...+27°C.
Атырауда күн райы ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шаңды дауыл күтіледі. Түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C.
Орал жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Түнде +12...+14°C, күндіз +26...+28°C.
Ақтөбеде күн райы ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпін 7-12 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +8...+10°C, күндіз +25...+27°C.
Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +17...+19°C.
Жезқазғанда ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +24...+26°C.
Қостанайда күн райы ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желінің екпіні 5-10 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +8...+10°C, күндіз +23...+25°C.
Көкшетауда күн райы ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +5...+7°C, күндіз +18...+20°C.
Петропавлда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +4...+6°C, күндіз +17...+19°C.
Павлодарда түнде +2...+4°C, топырақ бетінде -1°C дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз +14...+16°C жылы болады.
Семейде күн райы ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +13...+15°C.
Өскеменде күн райы ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +4...+6°C, күндіз +13...+15°C жылы.









