Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 17-19 қазан аралығында ауа райы қандай болады?

17-19 қазан аралығында ауа райы қандай болады?

17-19 қазан аралығында елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар, ал батыста жаңбыр жауады. Тек Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанған, деп хабарлайдыEgemen.kz.

Республика бойынша тұман түседі, елдің шығысында көктайғақ күтіледі. Батыс өңірлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1-7 градус аяз болады.
Ауа температурасы:

Батыста күндіз ауа температурасы негізінен +18…+25 °C болады.
Солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 0…+5 °C-тан −1…−6 °C-қа дейін, күндіз +13…+18 °C-тан +15…+20 °C-қа дейін аздап құбылады.
Солтүстікте түнде ауа температурасы 0…+5 °C-тан −1…−6 °C-қа дейін, күндіз +6…+12 °C-тан +12…+17 °C-қа дейін аздап өзгереді.
Орталықта күндіз ауа температурасы негізінен +10…+20 °C болады.
Шығыста: түнде ауа температурасы 0…+5 °C-тан −1…−6 °C-қа дейін аздап құбылады. Күндіз негізінен +3…+12 °C, таулы аудандарда −2 °C болады.
Оңтүстікте ауа температурасы түнде +2…+7 °C, күндіз +18…+25 °C болады.
Оңтүстік-шығыста күндіз +10…+18 °C, таулы аудандарда +3…+8 °C болады.
Бұған дейін қазан айында ауа райы қандай болатынын жарияладық.


Сурет: ашық дереккөз





16 қазан 2026 ж. 68 0