Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді

АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді

Сырдария аудандық ауруханасына қарасты Жастар денсаулығы орталығының мамандары №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінде оқушылармен АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында түсіндірме жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында Сырдария аудандық ауруханасына қарасты психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің инфекционист-дәрігері Гүлжан Евниева АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, одан сақтану шаралары және аурудың алдын алудың маңыздылығы жөнінде кеңінен ақпарат берді.

Сонымен қатар жастарға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, салауатты өмір салтын ұстану және денсаулыққа қатысты мәселелер бойынша мамандардан кеңес алудың маңыздылығы түсіндірілді.

Мұндай профилактикалық кездесулер жасөспірімдердің медициналық сауаттылығын арттырып, АИТВ инфекциясының алдын алу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
23 қараша 2026 ж. 32 0