Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді

Қытайда магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді

Қазақстан сейсмологтары Қытай аумағында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған орталықтың жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 22 қараша күні Астана уақытымен сағат 07:15-те (Гринвич уақытымен 02:15) болған.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, солтүстік ендіктің 42,32 градусы мен шығыс бойлықтың 82,29 градусы координаттарында орналасқан. Магнитудасы 5,2, энергетикалық класы 12,3 болды. Жер асты дүмпуінің ошағы 14 шақырым тереңдікте орналасқан», делінген хабарламада.

Жедел хабарламада зардап шеккендер және қираған нысандар туралы айтылмаған.
Бұған дейін, 21 қарашада Қытай аумағында магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі болғаны хабарланған еді. Жер асты дүмпуінің эпицентрі 65 шақырым тереңдікте орналасқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.

Ұлттық деректер орталығы



23 қараша 2026 ж. 24 0