Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жібек Құламбаева Чилидегі жарыста топ жарды

Жібек Құламбаева Чилидегі жарыста топ жарды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Колина (Чили) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Кaz.inform.kz.

Қазақстандық спортшы словениялық Вероника Эрьявецпен бірге жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген еді.

Олар финалда турнирдің бірінші ракеткалары, украиналық Валерия Страхова – ресейлік Анастасия Тихоновамен бас жүлдені сарапқа салды.

Финалдық бәсеке 6:4, 6:3 есебімен қазақстандық-словениялық дуэттің пайдасына шешілді.

Бір сағат 16 минутқа созылған матчта Жібек пен Вероника 1 эйспен қоса 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Ресейлік жұп 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.
Ж.Құламбаева – В.Эрьявец өткен аптада Колумбиядағы осындай жарыста үздік шыққан еді.

Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 78-орынға көтеріліп тұр. Бұл оның жеке рекордтық көрсеткіші болып есептеледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның екінші рет қатарынан жарыстың финалына шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирде екінші рет жеңімпаз атанды.


Фото: Қазақстан теннис федерациясы
22 қараша 2026 ж. 51 0