Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн суытады: Қазақстанда алдағы мереке күні ауа райы қандай болады?

Күн суытады: Қазақстанда алдағы мереке күні ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 30 сәуір-2 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады. Мамандардың болжамынша, елімізде ауа райы құбылмалы болып, күн суытады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап. 

30 сәуірде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын жауады. Ал солтүстік аймақтарда жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Сонымен қатар бұршақ жауып, екпінді жел соғып, күн қысқа мерзімге жылығанымен, қайта суытады:

Қазақстанның батысында түнде -2+5°С, күндіз +7+15°С болады. 

Солтүстік-батыстың бірқатар өңірінде ауа температурасы түнде -5,+5°С, күндіз +15+20°С-тан +2+10°С дейін төмендейді. Қалған аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бірақ жылы ауа райы сақталып, ауа температурасы +15+25°С болады.
 
1 мамырда еліміздің батыс облысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, күндіз ауа температурасы +10+20°С дейін жылынады.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлердің тұрғындары үшін ауа райы қолайсыз болады. Жауын-шашын сақталады. Қазақстанның шығысында екпінді жел соғып, қатты жауын-шашын түсіп, түнгі және таңғы сағаттарда көктайғақ пен тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -2-7°С, күндіз +3+11°С болады.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +2+10°С шамасында, жер бетінде 3 градусқа дейін үсік болады, күндіз +12+20°С.
2 мамырдан бастап батыс өңірдің жартысында жауын-шашынсыз ауа райы, шығыс өңірдің жартысында кей жерлерде жауын-шашын, оңтүстікте найзағай және екпінді жел мен жаңбыр сақталады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы күндіз +15+25°С, солтүстігінде, орталығы мен шығысында +5+15°С болады.
29 сәуір 2019 ж. 1 054 0