Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазгидромет: Қарашада 24 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет: Қарашада 24 градусқа дейін аяз болады

Еліміздің кей өңірлерінде қараша айында күн күрт суытуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.

KZСиноптиктердің болжамына сүйенсек, күздің соңғы айында жылы және аязды күндер жиі алмасып тұрады, сонымен қатар жауын-шашын күтіледі: оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Ай бойы желдің күшеюі, боран, көктайғақ пен тұман болуы ықтимал.

Қарашаның бірінші онкүндігінің басында ауа температурасы көтеріледі: республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -5+5°С-тан +2+8°С-қа дейін, күндіз +2+7°С-тан +7+12°С-қа дейін, кейінірек температура біртіндеп түнде -2-8°С-қа, күндіз 0, -5°С-қа дейін төмендейді.Оңтүстікте 4-10 қараша аралығында жаңбыр жауады, кейбір күндері қатты жауын-шашын болуы мүмкін, ал таулы аймақтарда жаңбыр қарға айналуы мүмкін. Батыс аймақтарда түнде ауа температурасы +4+10°С-тан -2-7°С-қа, күндіз +7+15°С-тан -2+5°С-қа дейін төмендейді деп болжанып отыр, - делінген хабарламада.

Ал қарашаның екінші жартысында ауа райы күрт суытып, аяз түседі.

Суық ауа массалары келгенде термометр бағаны ең салқын күндері төмендейді. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -15-24°С-қа дейін, күндіз -7-12°С-қа дейін төмендейді. Батыс және оңтүстік өңірлерде түнде -3-15°С, күндіз 0, -7°С-қа дейін төмендейді.Қараша айында жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде қалыпты деңгейде болады деп болжанып отыр, - дейді Қазгидромет.

Фото: Ашық дереккөзден
03 қараша 2024 ж. 201 0