Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Магистратураға түсу: тестілеу күні мен уақыты қашан жарияланады?

Магистратураға түсу: тестілеу күні мен уақыты қашан жарияланады?

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға 9 мыңға жуық өтініш қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, ең көп таңдалған білім беру салалары:
  • Педагогикалық ғылымдар;
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
  • Бизнес, басқару және құқық.
«Даярлау бағытын (бейінді және ғылыми-педагогикалық) және тестілеу тілін КТ басталғанға дейін жеке кабинетте өзгертуге болады», делінген ведомство хабарламасында.

13 қараша күні кешенді тестілеудің күні, орны, уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде жарияланады.

Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоры жаңа оқу жылына 350 білім грантын бөлгені хабарланды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бөлетін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды.

Сурет: magnific.com


13 қараша 2026 ж. 19 0