Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал ұрлығына жол жоқ

Мал ұрлығына жол жоқ

Сырдария ауданы көлемінде ағымдағы жылдың 06–10 сәуір аралығында «Мал ұрлығына жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мал ұрлығының алдын алу, қылмыстың жолын кесу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Аталған шара барысында аудан көлемінде рейдтік жұмыстар күшейтіліп, мал тасымалдайтын автокөліктер тексерілуде. Сонымен қатар, мал базарлары мен қасапханаларға бақылау жүргізіліп, құжатсыз мал тасымалдау деректерінің алдын алу бағытында жұмыстар атқарылуда.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға малды қараусыз қалдырмау, тиісті құжаттарын реттеу және күмәнді жағдайлар туындаған кезде дереу полицияға хабарлау қажеттігін ескертеді.

Сырдария аудандық полиция бөлімі құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.
07 сәуір 2026 ж. 184 0