Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№77 газет

10 қазан 2026 ж.

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » «Таза Қазақстан» Экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» Экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту бойынша сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына аудандағы меншік түріне қарамастан барлық мекеме ұжымдары белсене атсалысты.

Сенбілік барысында мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарда санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, көше бойларын қоқыстан тазалады. Сонымен қатар абаттандыру, көгалдандыру және көркейту жұмыстары жүргізілді.

«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Осыған орай, аудан тұрғындарын тазалық шараларына белсене қатысуға, туған жердің табиғатына жанашырлықпен қарап, тазалықты сақтауға шақырамыз!


Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
11 қазан 2026 ж. 66 0