Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпыхалықтық сенбілік өтті
Бүгін дүниежүзілік «Тазалық күніне орай» Таза Қазақстан акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына аудан тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары белсенді қатысты.Сенбілік барысында аудан көлеміндегі елді мекендерде көшелер, аулалар және қоғамдық орындар ретке келтіріліп, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара аясында «Тал егу» акциясы ұйымдастырылып, елді мекендерді көгалдандыру мақсатында көшеттер отырғызылды. Сондай-ақ, «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындары мен олардың жағалауларында тұрмыстық қалдықтар жиналып, қоқыстан тазартылды.
Тазалық – ортақ жауапкершілік. Туған жердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – әр азаматтың міндеті.










