Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту бойынша сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына аудандағы меншік түріне қарамастан барлық мекеме ұжымдары белсене атсалысты.

Сенбілік барысында мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарда санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, көше бойларын қоқыстан тазалады. Сонымен қатар абаттандыру, көгалдандыру және көркейту жұмыстары жүргізілді.

Экологиялық акция аясында Қалғандария және Майжарма жағажайлары аумақтарында тазалық жұмыстары жүргізіліп, жағалау бойы қоқыстан тазартылды.

«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Осыған орай, аудан тұрғындарын тазалық шараларына белсене қатысуға, туған жердің табиғатына жанашырлықпен қарап, тазалықты сақтауға шақырамыз!

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 тамыз 2026 ж. 305 0