Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕСЕЛІ ЕҢБЕК НӘТИЖЕСІ

ЕСЕЛІ ЕҢБЕК НӘТИЖЕСІ


Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан хал­қына арнаған дәстүрлі Жолдауында елді да­мытудың басты кепілі – салық базасын кеңейту, кәсіпкерлікті дамыту екенін атап өткен болатын.
Маңызды мемлекеттік құрылым саналатын мемлекеттік кірістер органдары салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етеді. Салық – еліміздің әлеуметтік-эко­номикалық өсіп-өркендеуінің тұрақты ке­пілі. халқымыздың әл-ауқатының жақ­­саруы, осы салықтық түсім­дердің кө­леміне байланысты екендігін ұғынамыз. Соңғы жылдардағы созылған әлем­дік экономикадағы тұрақсыздықтан көп­шілік хабардар. Осы орайда, қосымша кіріс көзін ұйымдастыру, барды ұқсату – бүгінгі күннің басты талабы. Себебі, экономика қай елдің болмасын, кемелді келе­шегінің жарқын кепілі, ажырамас бөл­шегі.
Аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2018 жылдың 6 айын табысты қорытындылады. Ауданның мемлекеттік бюджеттің 2018 жылғы 6 ай болжамы – 4437775,8 мың­ теңге болса, нақты түскені – 7947673,3 мың теңге, немесе болжам – 179,1 пайызға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджет кірісіне – 145654,4 мың теңге алынып, белгіленген болжам – 97,5 пайызға орындалса, жергілікті бюджетке – 7802018,9 мың теңге кірістеліп 181,9 пайызға орындалды.
Салық әкімшілігін жетілдірудің тиімді бір жолы – сапалы салық бақылауы десек, бұл бағытта да біршама жұмыстар атқарылды. Камералдық бақылау жұмыс­тары, салықтық бақылау шаралары нәти­жесінде қосымша бюджетке 47076,0 мың теңге өндірілді. Атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде.
Салық салу базасын ұлғайту жұмыстары бойынша, жыл басынан бері кірістер бас­қармасы тарапынан атқарылған жұмыс­тар нәтижесінде, жаңадан дара кәсіп­кер­лер, оның ішінде жолаушы тасымалдау қызметімен айналысатын жеке тұлғалар тіркелді.
Салық базасын ұлғайту бағытында Ел­ба­сымыз және облыс басшылығы тарапынан аса маңызды мәселе ретінде мән беріліп отыр. Осының нәтижесінде, бұл бағытта жұмыстардың қарқынды және жүйелі жүруі үшін тұрақты тапсырмалар қолға алынған. Осы орайда, аудан әкімінің 2018 жылғы 13 шілдедегі №69 – Ө санды өкімімен «Салық салу базасын ұлғайту» жөніндегі жедел жұмысшы тобы құрылған. Құрылған жедел жұмысшы тобының құрамымен Тереңөзек кенті мен ауылдық округтерді аралап түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Тереңөзек кентінде такси қызметтерін заңдастыру жұмыстары бойынша құрылған жұмысшы топпен түсіндірме жүргізу күнделікті атқарылып отыр. Сонымен қатар, көлеңкелі экономиканың алдын алу үшін жыл сайын «Чек талап ет, жүлде ұтып ал» науқаны өткізіліп, аудан тұрғындары бағалы сыйлыққа ие болып отырады.
Қазіргі таңда, шоу бизнес өкіл­дерінің арасында салық мәдениетін қалып­тастырып, атап айтқанда, той басқарушы асабаларды, өнер көрсетуші әншілер мен бишілерді, безендірушілер, бейне таспаға және суретке түсірушілерді жеке кәсіпкер ретінде тіркетуге насихат жұмыстары жасалуда. Нәтижесінде асабалық қызметпен айналысатын 3 жеке кәсіпкер тіркелді. «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алып, салыққа тіркелмеген жеке тұл­ға­лар­ды салықтандыру мақсатында әр салық төлеушімен жұмыспен қамту бөлімінің қыз­меткерлерінің қатысуымен әңгімелесу жүргізілді. Нәтижесінде жыл басынан әр түрлі кәсіп түрімен айналысатын 275 адам жеке кәсіпкер ретінде тір­келді.
Әр жылдың өзіне тән жаңа міндет­тері бар. Осы орайда, аудан бойынша Мем­лекеттік кірістер басқармасы қызмет­керлері ел игілігін көтеруге бағытталған міндеттерді орындауда еселі еңбек ете беретіні сөзсіз.

Майра Бисенова,
Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасының бөлім басшысы
18 шілде 2018 ж. 1 017 1

Гость JeaOrer от 11 наурыз 2019 15:43
Keflex Causes Constipation viagra Priligy 15mg Discount For Celebrex Viagra Dosierung Nebenwirkungen