Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тимур Сүлейменов: 2018 жылы мыңнан аса ауылдық округ дербес бюджетке көшті

Тимур Сүлейменов: 2018 жылы мыңнан аса ауылдық округ дербес бюджетке көшті


Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында төртінші деңгейдегі бюджет пен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін енгізу барысы туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндады деп хабарлайды  Qamshy.kzақпарат агенттігі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тимур Сүлейменовтың айтуынша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы аясында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың (ЖӨБ) коммуналдық меншігі мен IV деңгейдегі бюджетті енгізуді көздейтін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша Заң қабылданды.
«Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейі ретінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап халық саны 2 мың адамнан асатын 1062 ауылдық округте енгізілді, ал 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық жерде енгізілетін болады», — деді Тимур Сүлейменов.
Ұлттық экономика министрінің айтуынша, дербес бюджетті енгізу ауылдық округтердің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтуге және берілген салықтарды тікелей өз бюджетіне алуы арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде ЖӨБ рөлін күшейтуге мүмкіндік берді.
Ауылдық округ бюджетіне салықтық түсімдердің 7 түрі және басқа да салықтық емес түсімдер, сондай-ақ шығыстардың 19 бағыты берілді.
Заңды іс жүзінде сапалы іске асыру мақсатында ЖӨБ дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралардың көбісі орындалды. ҚР ҰЭМ осы жылдың екінші жарты жылдығында бюджеттің IV деңгейі енгізілген өңірлерде ауыл әкімдері мен олардың аппараттары қызметкерлерін оқытуды жалғастырады.
Тимур Сүлейменов Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру кезеңінде тіркелмеген жылжымайтын мүлік объектілерінің саны 88,2 мыңнан 13,6 мыңға азайғанын айтып өтті. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, тіркелмеген жылжымайтын мүлік объектілерінің болуы ауылдық округтер бюджеттеріне салықтардың толық түспеуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты, әкімдердің әділет органдарымен бірлесіп, құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы заңнаманың талаптарын халық арасында түсіндіру жұмысын күшейту қажет.
Бұдан өзге, жоспарлы жұмыс барысында деректер базаларындағы толық емес мәліметтер мен қателер саны 2,3 млн-нан 294 мыңға дейін қысқырды.
Бүгінгі таңда келесі деректер базасы мен ақпараттық жүйелерді интеграциялау жөніндегі дайындық жұмыстары аяқталған: Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» және Қаржы министрлігінің «Салық төлеушілердің және салық салу объектілерінің тізілімі»; Ішкі істер министрлігінің «Сервистік орталық» және Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» және «Заңды тұлғалар»; Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жер кадастры» және Қаржы министрлігінің «Салық төлеушілердің және салық салу объектілерінің тізілімі».
Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жер кадастры» ақпараттық жүйесін Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» деректер базасымен толық интеграциялау осы жылдың бірінші жартыжылдығының соңында аяқталады деп жоспарланған.
Бахыт Султанов
«ЖӨБ дамыту бойынша жұмыс мұнымен аяқталмайды. Қазіргі таңда ауылдық округтерде бюджет пен коммуналдық меншіктің жаңа деңгейін енгізуге талдау жүргізілуде. Нәтижесі бойынша ЖӨБ институтын дамыту бойынша, оның ішінде жергілікті маңызы бар мәселелерді тиімді және дербес шешу үшін қосымша салықтық және басқа да түсімдерді беру бойынша шаралар қабылданатын болады», — деді Т. Сүлейменов.
Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ауылдық округтердің бюджеттеріне түсетін салықты қамтамасыз ету туралы баяндады.

Жалпы алғанда, кірістердің асыра орындалуы IV деңгейдегі барлық бюджеттер ойынша қол жеткізілді. Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, осы жылдың бірінші тоқсанында нақты түсім 27,7 млрд теңгені құрады. Олардың ішінде салық түсімі — есепті кезеңде жоспарды 118,5%-ке асыра орындауға байланысты 5,2 млрд теңгені құрады. Салықтық емес түсімдер — 3,1 млрд теңге, соның ішінде 3 млрд теңгесі — өткен жылдағы шоттардағы қалдықтар.
Жалпы сома бойынша нақты шығындар 21,9 млрд теңгені немесе есепті кезеңдегі жоспардың 98% құрады. Шығындардың негізгі түрлері: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, ұйымдардағы медициналық қызметтерді ұйымдастыру; елді мекендерде көшелерді жарықтандыру; мәдени-сауықтыру жұмыстарын қолдау және т.б. Мақсатты ағымдағы трансферттердің жоспары 1,2 млрд теңгені құрады. Жалпы сомадағы нақты қалдықтар 5,7 млрд теңгені құрады.
Бұдан өзге, Б.Сұлтанов ауылдық округтерге арналған мемлекеттік сатып алулар туралы заң жобасында төменгі шектік мән 3 000 АЕК-ке (6,8 млн теңге) дейін ұлғайтылды. Бұл бір көзден ЖӨБ-ке тікелей жеткізушімен келісімшарттар жасауға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, қаржы министрі ЖӨБ деңгейінде жүргізілетін жұмыс жеке тұрақты мониторинг пен бақылауына алынғанын айтты.
Сондай-ақ, отырыс барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметовтың, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ.Ақсақаловтың, Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың баяндамалары тыңдалды.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың кезеңдері Мемлекет басшысы бекіткен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында анықталғанын атап өтіп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ұлттық экономика министрлігіне тұрақты негізде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға мониторинг пен талдау жүргізу тапсырылды.
Қаржы министрлігі ауылдық округтердің бюджетімен жұмыс істеу үшін ақпараттық жүйелердің тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша барлық дайындық шараларын аяқтауы тиіс.
Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне уәкілетті органдардың тиісті ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша жұмысты жеделдету тапсырылды.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев ауылдық округтердің бюджетінің төртінші деңгейін енгізу мәселесін үйлестіруге жауапты.
 
15 мамыр 2018 ж. 1 130 3

Гость JeaOrer от 11 ақпан 2019 09:38
Propecia Levels Buy Viagranext Day Delivery Keflex Decrease Milk cialis 20mg price at walmart Canadianhealthcaremall Lowest Cost Viagra 100mg Buy Tadalista Online

Гость JeaOrer от 3 наурыз 2019 15:51
Viagra From India Burpropionxl Vs Vyvance why is levitra so expensive Cialis 20mg Online India

Stevnohope от 8 мамыр 2019 08:18
Componentes Propecia Kamagras Linea Galvus cialis tablets for sale Propecia Y Dutasteride