Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТӘСІЛДЕРІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТӘСІЛДЕРІ


Сыбайлас жемқорлық, жүргізіліп отырған экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі жасап, мемлекеттің беделіне халықаралық аренада нұқсан келтіре отыра, елдің ұлттық қауіпсіздігіне жүйелі қатер төндіреді. Оны тамырымен жою тек құқық қорғау қызметкерлерінің ғана міндеті емес, осындай келеңсіз құбылыстармен  бітіспес күрес жүргізу, барлық  ұлтжанды  азаматтардың парызы.                           
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын-алу мақсатында, елімізде көптеген іс-шаралар  жоспарланып жүзеге асырылуда. Алайда жемқорлықпен   күрес барысы күн сайын  қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулық ұстағысы келмейтіндердің  қатары да, уақыт өткен сайын көбейе түсуде. Имандылық, парасаттылық, адамгершілік мәселелері екінші кезекке қалдырылуда.                                                                         
Елбасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек жазаға тарту шаралары ғана емес, бұл мемлекет пен қоғам жұмыстарының кешенді түрде жүргізілуге  тиісті, жүйелі жұмыстарының жиынтығы екенін атап көрсетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ең басты біздің міндетіміз- бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту. Бұл ретте халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда, қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын, толық білулеріне қол жеткізе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қөзқарасын түбегейлі өзгертуі қажет. Қоғам үшін күрделі және қауіпті мәселені шешуден ешкім тыс қалмауы қажет. Өйткені, оған елдің болашағы ғана емес,  әрқайсымыздың тағдырымызда байланысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  батыл шаралар қабылдауды қажет етеді. Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарқынды күресті,  мемлекеттік органдар да өз беттерінше жүргізуде. Енді тек жұмыла күресу керек. Әйтпесе сыбайластыққа көз жұмып, жемқорлыққа жол берген қоғамда, экономика мәселесінің шешілуі қол жетпейтін арман болып қана қала бермек. Осы кезекте мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшінің жұмысы, іс-әрекеті-шындық,айқындық,адалдық,ашықтық принциптеріне негізделуі қажет. Коррупция мемлекеттің экономикалық дамуына, әр азаматтың заңға деген сеніміне кері әсерін тигізеді.
 Қазіргі уақытта салық органдарына салық төлеушілерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мен салық заңнамасын жетілдіру, ақпараттық технологияларын жаңарту және сыбайлас жемқорлықтың тәуекелділігін азайтуға, жемқорлыққа қарсы көзқарасты жоғарылату мақсаттары қойылып отыр. Осы орайда, басқарма бойынша салық органдары қызметкерлерінің салық төлеушілермен байланысын барынша азайту мақсатында, көптеген салықтық қызметтер электрондық салықтық қызмет түрлеріне  көшірілді, оның ішінде салық төлеушілердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталықтарының жұмыстарын жандандыру мақсатында, Сырдария ауданы бойынша салық басқармасында салық төлеушілерге терминал орнатылған. Сонымен қатар алыс елді мекендер бойынша да терминалдар орнатылған, яғни өз аулында отырып есептілік тапсырып төлем жасайды.
Сонымен қатар, салық органдары қызметкерлері мен салық төлеушілердің жеке байланысын болдырмау мақсатында, салықтық әкімшілендіру мен бақылаудың бірнеше процесстері автоматты тәртіпке көшірілді. Бүгінгі күні көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіміне, салықтық қызметтердің 48 түрі мемлекеттік қызмет түрі көрсетіліп отыр. Оның ішінде Сырдария ауданы бойынша 28 мемлекеттік қызмет көрсетіліп отыр, салық саласы бойынша -20, кеден саласы бойынша 8 мемлекеттік қызмет. Мұнымен қоса, тәуекелділікті басқару жүйесі енгізілген. Оның көмегімен салықтық тексерулерді жүргізуге іріктеу  «адал емес», яғни, салық міндеттемесін өз дәрежесінде орындамай жүрген салық төлеушілерге баса назар аударыла отырып жүргізіледі және салық төлеушілерді салықтық тексеруге іріктеуде адами фактордың  араласуын  болдырмайды.
Қорыта келгенде, бұл қауіпті құбылысқа қарсы күресу үшін, бүкіл қоғам болып бірігуіміз қажет.Тек сол кезде ғана, мемлекетіміз бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылатыны анық.Сондықтан да өркениетті қоғамның дамуына, өркенділік көшіне ілесуге кереғар әсерін тигізетін сыбайлас жемқорлық секілді факторлардың алдын алу, қазіргі таңдағы мемлекеттің алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі.
М.Бисенова,
Сырдария ауданы бойынша МКБ, бөлім басшысы
03 наурыз 2018 ж. 2 978 0