Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » «Жеңіс жолы – ұрпаққа аманат» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті

«Жеңіс жолы – ұрпаққа аманат» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті

Бүгін «Тағзым» алаңында 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне арналған «Жеңіс жолы – ұрпаққа аманат» тақырыбында іс-шара өтті.

Салтанатты жиынға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызылорда облысының Құрметті ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Яхия Тасыров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль, Семей зардаптарын жоюға қатысқан азаматтар, зиялы қауым өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.

Аудан басшысы сырдариялықтарды Жеңіс күнімен құттықтап, отан үшін от кешкен батырлардың ерлігін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адамзат тарихында теңдессіз ерлік жасаған әкелеріміз бен аналарымыздың қажымас қайсарлығы, ерен еңбегі және көзсіз қаһармандығы халқымыздың жадында мәңгі сақталады» деп атап көрсетті. «Ерді елі үшін, жігітті жұрты үшін мақта» дегендей, біздер Сырдария топырағынан шыққан Кеңес Одағының Батырлары Нағи Ілиясов пен Жаппасбай Нұрсейтов бастаған соғыс ардагерлерінің есімін мақтанышпен айтып, ерліктеріне бас иеміз. Сырдария ауданынан Ұлы Отан соғысына 3 мыңға жуық азамат аттанып, жартысынан көбі туған жерге оралмады. Олар Отан үшін ерлік жасап, бізге бейбіт өмірді сыйлады. Бүгінде қан майданның куәгері, 104 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызылорда облысының Құрметті ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Яхия Тасыров атамыз ортамызда отыр. Ұлы Отан соғысы ардагеріне әрқашан құрметіміз мол. Біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсеткен барлық қазақстандықтар, Ауғанстанның, Карабахтың отты жолдарымен өткен, Чернобыль, Семей зардаптарын жоюға қатысқан ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз. Тек қан майданда ғана емес, тылда жұмыс істеп, ашаршылықты, ауыртпалықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыс істеген қайратты да қайсар жандарға бүгінгі ұрпақтың алғысы шексіз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Іс-шара барысында жиналған жұртшылық соғыста қаза тапқан батыр жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ, бейбіт өмірді сыйлаған бозақтардың рухына Құран бағышталды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

09 мамыр 2026 ж. 52 0