Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 34 газет

10 мамыр 2025 ж.

№ 33 газет

06 мамыр 2025 ж.

№ 32 газет

03 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі

Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен «Тағзым» алаңында Ұлы Жеңіс үшін жан қиған ардагерлер рухына тағзым етіп, гүл қою рәсімі өтті. Мәні мен маңызы зор, тәрбие мен өнегеге толы іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының құрметті азаматы Яхия Тасыров пен зия­лы қауым өкілдері, аудан тұрғындары мен мектеп оқушылары арнайы қатысты.

– Жеңіс күні – елдік пен ерліктің, батылдық пен қаһармандықтың ме­ре­кесі! Бұл күн – бейбітшіліктің, азат­­тық пен тәуелсіздіктің ны­шаны. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адамзат тарихында теңдессіз ерлік жасаған әкелеріміз бен ана­ларымыздың қажымас қайсарлығы, ерен еңбегі және көзсіз қаһармандығы халқымыздың жадында мәңгі сақтала­ды» деп атап көрсетті. «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» деген ұранды ұстанған елміз. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытыл­мас парағы болып қала бермек. Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл. Осы жеңіс жолында қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында шейіт болды. Елге оралған жауынгерлер еңбек майданында ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Аға ұрпақ өздеріне жүктелген істі абыроймен орындады. Бүгінде ортамызда Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының Құрметі азаматы, 103 жастағы Яхия Тасыров зор құрметке бөленіп келеді. Бізге бейбіт өмір сыйлаған аға буынға – өлшеусіз қарыздармыз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Тағзым ету салтанаты Отан үшін жан қиған арда азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алумен жалғасын тауып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Одан кейін ауданның бас имамы Нұрсұлтан Серікұлы қан майданда қаза тапқандарға арнап Құран бағыштады.

«Мен үшін Отаныма адал солдат болудан артық бақыт жоқ» деген ұранды жалау етіп, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен де, Отан қорғау жолында ең көп қырылған да қазақ солдаттары еді. Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 80 жыл толып отыр. Ұлы Жеңіс мерекесі – жүрегі «Отан» деп соққан әрбір азаматтың үлкен қуанышы. Бүгінгі жас ұрпақ Жеңіс күнін аға ұрпақтың Отанымызға деген шексіз сүйіспеншілігінің үлгісіндей әрқашан есте сақтайды. Ұлы Жеңістің тарихи маңызын бағалап, қадір-қасиетін дәріптеп, халқымыздың өшпес ерлігіне құрмет көрсету – парызымыз!


А.МҰХАНБЕТҚАЛИ

10 мамыр 2025 ж. 85 0