Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықтың алдын ал!

Жемқорлықтың алдын ал!


Елбасының Қазақстанды дамыған елдердің  отыздығына кіру мақсатында жолдаған «100 нақты қадам» бағдарламасының бір бағыты жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және осы індетті жою шараларына арналды.
Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы заң аясында облыс көлемінде орналасқан әскери бөлімдермен мекемелерді ҚР Бас  әскери прокуратурасының тапсырмасына сүйене отырып, айлық, тоқсандық мерзімде  зерттеу зерделеу жұмыстары жүргізуде.  Соның ішінде ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен  күрес туралы» заңның алтыншы бабында: «Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті» деген жолдар барысында да профилактикалық сабақтар мен дәрістер де ұйымдастырылады.
Жемқорлықпен күресудің, оны түбегейлі жоюдың  тиімді жолы-қылмысқа орын бермеу, яғни, оны болдырмау. Мәселен тек қылмыс жасағандарды жазалау ғана емес сол адамды қылмыс жасауға итермелеген тұлғада жауапкершілікке тартылады.
Мысалы,  2018 жылдың 4 қаңтарында Қызылорда  облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты оқиға тіркелген болатын. Онда  басшы мен бағынысындағы  әскери қызметшілер арасында «Пара алу», «Пара беру», «Парақорлыққа делдал болу» айыптаулары бойынша қылмыстық іс сотқа жолданған.
Осы тұста жеті  жанұяның асыраушысы болып жүрген  әскери қызметшілерге   «Пара беру» ісі бойынша қылмыстық жауапқа тартылуда. Аталған факт өзге әскери қызметшілерге  үлкен сабақ болса дейміз.
Сондықтанда қылмысты алдын-алуда да үлкен мән бар.  Оған әр адам мүдделі болуы керек. Сыбайлас жемқорлық жеке адамдардың тарапынан болып жатқан кемшілік дейтін болсақ, онда қателесеміз.

Қ.РАХМАТУЛИН,
Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры.
29 маусым 2018 ж. 953 0