Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№101 газет

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құқық қорғау органдарының түпқазығы

Құқық қорғау органдарының түпқазығы

Заң мен тәртіп орнаған мемлекеттің болашағы жарқын, келешегі кемел. Бұл туралы Мемлекет басшысы өз сөзінде «Әділетті Қазақстан – заң мен тәртіп орнаған ел» деп атап өткен болатын. 6 желтоқсан – Прокуратура күні. Осы орайда аудан әкімдігінің мәжіліс залында арнайы жиын өтіп, сала мамандарына құрмет көрсетілді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев, аудан прокуроры Асқар Кемалов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, бөлімдер мен мекеме басшылары, сондай-ақ сала мамандары қатысты.

Ең алдымен аудан әкімінің орынбасары Димаш Серікбайұлы сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, құқық қорғау қызметкерлерінің қоғамдағы маңызы жоғары екеніне тоқталды.

– Прокуратура – қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті нығайту жолындағы мемлекеттің негізгі құқықтық тірегі. Прокуратура қызметкерлерінің кәсібилігі – қоғамның құқықтық жүйеге деген сенімі мен әділеттілікті сақтаудың кепілі. Қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау және тұтас мемлекеттің құқықтық саясатын жүзеге асыру жолындағы еңбектеріңіз өлшеусіз. Баршаңызды бүгінгі прокуратура саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Заңдылықты нығайту жолындағы еңбектеріңіз еселене берсін, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Одан кейін сөз кезегі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасына берілді. Мұса Алпысбайұлы қазақ еліндегі заң жарғылары мен мемлекеттік құрылымның сонау замандардан бастау алатынын тілге тиек ете отырып, тарихи деректерге тоқталды. Сондай-ақ «Тәртіпке бағынғанның құл болмайтынын» айтып, сала мамандарының жауапты жұмысына сәттілік пен абырой тіледі. Жиында облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қ.Асанұлы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы А.Ибрагимұлы сөз сөйлеп, кәсіби мереке иелерін құттықтады.

Мұнан соң сала қызметкерлеріне аудан әкімінің алғыс хаты табысталып, сый-құрмет көрсетілді. Аудан прокуроры Асқар Жәметұлы кәсіби мерекеде құрмет көрсеткен аудан әкімдігіне ризашылығын білдіріп, әріптестерін мерекемен құттықтады.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
07 желтоқсан 2024 ж. 112 0