Тұман, көктайғақ, қатты жел: бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі
7 қарашада еліміздің бірнеше аймағында желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетіп, тұман түсіп, көктайғақ пен жауын-шашын болуы мүмкін. Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.Синоптиктердің болжамынша, Абай облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз өңірдің батысы, солтүстігі мен орталығында секундына 23–28 метрге дейін күшейеді. Семейде желдің жылдамдығы 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Өңірдің оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетуі ықтимал.
Алматы облысының батысы, оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман күтіледі. Батысы мен шығысында жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Өңірдің батысы, оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары. Алматы қаласы мен Қонаевта түнде және таңертең тұман түседі. Қонаевта күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Іле Алатауының таулы аймақтарында да тұман болжанып отыр.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде өрт қаупі төтенше деңгейде. Ақтөбе қаласында түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с, күндіз екпіні 23–28 м/с болады. Өскеменде желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Өңірдің оңтүстік-батысы мен таулы аймақтарында жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары. Таразда да өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. 7 қарашада облыстың орталығында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Талдықорғанда түнде ауа температурасы 1–3 градусқа дейін төмендейді. Өңірдің оңтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары, шығысында төтенше деңгейде сақталады. 7–8 қарашада да өрт қаупінің жоғары деңгейі жалғасады.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін. Оралда да түнде жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батысы, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыстың батысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Қарағанды қаласында да тұман болжанып отыр.
Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Қызылорда облысының шығысы мен орталығында тұман күтіледі. Түнде батысы мен солтүстігінде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді. Өңірде өрт қаупі төтенше деңгейде, солтүстігінде жоғары деңгейде сақталады. Қызылорда қаласында да кей уақытта тұман түсіп, өрт қаупі төтенше деңгейде болады.
Маңғыстау облысының орталығында таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Батысы мен орталығында желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде өрт қаупі жоғары, орталығында төтенше деңгейде сақталады. Ақтауда өрт қаупінің жоғары деңгейі жарияланған.
Павлодар облысында оңтүстіктен жел соғады. Түнде өңірдің батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстігінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Түнде облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні түнде 15–20 м/с, күндіз өңірдің батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде 15–20 м/с-қа жетеді. Петропавлда түнде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15–20 м/с шамасында болады.
Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың солтүстігі мен батысында, сондай-ақ Түркістан қаласында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыстың батысы мен орталығында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Жезқазғанда да түнде және таңертең тұман түсіп, өрт қаупі жоғары деңгейде болады.
Синоптиктер қолайсыз ауа райы күтілетін өңірлердің тұрғындарына сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Әсіресе көлік жүргізушілеріне жолда абай болып, ауа райы болжамын назарда ұстау маңызды.
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ










