Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарға саламатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді

Жастарға саламатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді

Дүниежүзілік инсульт күні аясында Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің студенттері арасында денсаулықты нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға жалпы тәжірибелік дәрігер Мәншүк Сейпулова, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қатысып, жастарға инсульттің алдын алу жолдары, жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп факторлары, зиянды әдеттердің адам ағзасына тигізетін кері әсері және дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірді.

Кездесу барысында мамандар саламатты өмір салтын ұстанудың, дене белсенділігін арттырудың, дұрыс тамақтану тәртібін сақтаудың және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығына тоқталды.

07 қараша 2026 ж. 32 0