Прокурорларға құрмет көрсетті
Прокуратура саласы – еліміздің мемлекеттік билік жүйесіндегі маңызды институттардың бірі. Аталған сала заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосып, заңның сақталуын қадағалайды. Яғни, республикада жоғары қадағалау қызметін жүзеге асыратын бірден-бір мемлекеттік орган.
6 желтоқтан – елімізде прокуратура саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған байланысты аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аудан прокуроры Асқар Жәметұлы мен сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
– Прокуратура – құқық қорғау органдарының түпқазығы. Прокуратура органдары қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы, олардың өз ісіне берілгендігі мен адалдығы, кез келген заң бұзушылыққа ымырасыз көзқарасы және көтеріңкі жауапкершілігі азаматтарға Заңның жеңісіне деген сенімін сақтауға көмектеседі. Аудандағы тәртіп пен заңдылықты сақтауда, экономикамыздың қарқынды дамуын қамтамасыз етуде, елеулі жетістіктерге қол жеткізуде Сіздердің еңбектеріңіз бен қосқан үлестеріңіз мол. Қызметтеріңізге абырой тілеймін, – деді Мұрат Нәлхожаұлы.
Құттықтаудан соң аудан басшысы ауданның сала үздіктеріне арнайы «Алғыс хат» табыс етіп, құрмет көрсетті.
Бүгінде сала жұмысын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүруде. Сондай-ақ «Прокуратура туралы» жаңа Заңға конституциялық мәртебе берілді. Сол арқылы прокуратураның құқық қорғау деңгейін жаңа сатыға көтеруге, прокурорлардың, ел азаматтарының, бизнес субъектілерінің және мемлекеттің құқықтарын қорғау жөніндегі өкілеттіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Е.БЕРКІНБАЕВ