Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Дзюдодан республикалық турнир басталды

Дзюдодан республикалық турнир басталды

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Бесарық ауылында дзюдодан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Абай - Дәулет» жүлдесіне арналған республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел спортын дамытуға айрықша басымдық беріп келе жатқанын, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен облыста жаңа спорттық нысандар салынып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, «Абай-Дәулет» жүлдесі үшін жыл сайын дәстүрлі түрде республикалық турнир өтетінін айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спорттық іс-шарада облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ж.Айекешов, облыстық дзюдо федерациясының вице-президенті И.Ысқақұлы және «Абай - Дәулет» ЖШС директоры М.Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйледі.

Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылып отырған турнирге Өзбекстан мемлекетінен және еліміздің 12 облысы мен 3 қаласынан 650-ге жуық спортшы қатысуда.

Фото: Ашық дереккөзден
25 наурыз 2024 ж. 394 0