Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Республикалық турнир өтуде

Республикалық турнир өтуде

Н.Ілиясов ауылында "Абзал және К" толық серіктестігінің жүлдесіне арналған республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жаманқұл Асылжан, ҚР үстел теннисі федерациясының атқарушы директоры, жарыстың бас төрешісі, халықаралық дәрежедегі төреші Александр Перевалов, ҚР Еңбек Ері Абзал Ерәлиев қатысты.

Үстел теннисінен өз жалауын тіккен турнирде аудан басшысы спортшыларға сәттілік тіледі.

– Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында спорт саласы бойынша әр облыста және ірі аудан орталықтарында балалардың энергиясын дұрыс бағыттау үшін арнайы спорт орталықтарын ашу қажет деді. Ел Президентінің бұл тапсырмасы аясында Сыр өңірінде спортты дамытуға үлкен қолдау жасалып, мәдени-спорттық шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Осындай қолдаудың арқасында спорт саласындағы жетістіктер одан әрі еселене берері сөзсіз.

Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы екенін ескерсек, жастарымыздың ертеңі үшін осындай шаралардың маңызы ерекше. Өскелең ұрпақтың денсаулығын шыңдап, патриоттық рухын көтеретін дүбірлі жарысты ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мұрат Нәлхожаұлы өз сөзінде.

Еске сала кетейік, аталған турнирге республикамыздың барлық облысы мен ауданынан 100-ден аса спортшылар қатысуда.

07 тамыз 2022 ж. 784 0