Дзюдо күресінен республикалық турнир басталды
Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылында "Абай Дәулет" ЖШС жүлдесі арналған дзюдо күресінен 2007-2008 және 2010-2011 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды.
Турнирге Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Абай, Қызылорда облыстарынан 530 жас балуан қатысуда.
Республикалық турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бабалар есімін жаңғыртып, олардың өнегелі өмірін, ел дамуына қосқан өлшеусіз адал еңбегін бүгінгі буын санасына сіңіруде мұндай жарыстардың маңыздылығын атап, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
«Абай Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің облысымыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырудағы орны ерекше. Халықтың әл-ауқатын арттыруға, ел экономикасын көтеруге атсалысқан серіктестік Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленген.
Жалпы үш күнге жоспарланған респубикликалық турнир Бесарық ауылындағы №147 орта мектебінің спорт залында өтуде.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі