Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық турнирдің ашылуына қатысты

Республикалық турнирдің ашылуына қатысты

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Н.Ілиясов ауылында "Абзал және К" жүлдесі үшін өткізіліп жатқан республикалық турнирдің ашылу салтанатына қатысты.

Салтанатты іс-шарада аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында саламатты өмір салтын қалыптастыру үшін арнайы спорт орталықтарын ашу қажет деді. Ел Президентінің бұл тапсырмасы аясында Сырдария ауданында спортты дамытуға үлкен қолдау жасалып, мәдени-спорттық іс-шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Оның қатарында Нағи Ілиясов ауылында ашық турнирлерді тұрақты ұйымдастыру үрдіске айналды. 2019 жылдан басталып, биыл 5-ші рет жалауын желбіреткен республикалық турнир спортшылардың үлкен жетістіктерге жетуіне мүмкіндік жасайды. Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы екенін ескерсек, жастарымыздың ертеңі үшін осындай спорттық іс-шаралардың маңызы ерекше. Республикалық турнирдің өтуіне Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев қолдау көрсетіп келеді. Сондықтан өскелең ұрпақтың денсаулығын шыңдау үшін спорттық жарысты ұйымдастырушы ардақты азаматқа шынайы алғысымды білдіремін. Турнирге қатысушыларға сәттілік тілеймін! – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Айта кетейік, республикалық турнирге 10 облыстан 120 спортшы қатысуда.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

06 тамыз 2023 ж. 266 0