Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетілді

Кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетілді

Аудандық прокура­тураның ұйым­дастыруымен аудандағы бизнес­ өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге аудан про­ку­роры Асқар Кемалов, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Данияр Айбосинов жер­гілікті атқарушы және құқық қорғау органының өкіл­­дері, кәсіпкерлер қатысты.

Кездесу еркін пікір алмасу түрінде өтіп, кәсіпкерлердің инвестициялық жо­ба­лар­ды іске асыру, жер алу, мемле­кет­­тік бағдарлама аясында несие алу ке­зінде кездесетін кейбір мәселелер жа­йын­да сұрақтарға жауап берілді. Кә­сіп­кер­лерге өз құқықтарын жүзеге асы­ру­­­ға қатысты заңнама нормаларына түсін­дірулер жүргізілді.

Сонымен қатар аудан прокуроры кәсіпкерлерді қорғау және қолдау тәсіл­дері туралы ақпарат берді.

– Кәсіпкерлер ең алдымен Қазақстан Рес­публикасы Азаматтық кодексінің 2-ба­бы­­­­­­­­мен танысуы қажет. Онда Аза­мат­­тық Кодекстің негізгі қағидалары бе­­­­­­­кі­­­­­­­тіл­­­­­­­­­­­­ген. Қағида бойынша билік және бас­­қару органдары кәсіпкерлердің өз мүл­­кі­­не қалай билік жүргізіп, өз кірісін қалай пайдаланып жүргеніне ықпал жа­сау­­­­­ға тыйым салынған. Қандай да бір та­лап­тар заңмен бекітілмесе, қағидаға сәйкес ешкімнің рұқсатын, келісімін алу, ақ­­­па­­­рат беру қажет деп танылмайды, – деді аудан прокуроры.

Сондай-ақ кездесуде прокурор кәсіп­кер­­­лік түсінігінің мағынасын түсінді­ріп, Қа­­­зақ­­­­стан Республикасы Азаматтық ко­дек­­­­­­­­­сінің 10-бабында көрсетілгендей: «Аза­­­­­­­­­­­мат­­­­­тардың, қандастардың және заң­­­­­­ды тұлғалардың мүлікті пайдалану, та­уар­­­­­­­­­­­ларды өндіру, сату, жұмыстарды орын­­­­­­­­­дау, қызметтерді көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке мен­шік­ құқығына (жеке кәсіпкерлік) не ша­руа­­шы­­­лық жүргізу немесе мемлекет­тік кәсіп­­­­­орынды жедел басқару құқығы­на (мем­лекеттік кәсіпкерлік) негіздел­ген дер­бес, бастамашылық қызметі кәсіпкер­лік болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет кә­сіп­­кер атынан, оның тәуекел етуімен жә­не мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асы­­­­рылады деп егжей-тегжей анықтама берді.

Аудан прокуроры А.Кемалов кәсіп­керлердің құқығын қорғауда кәсіпкерлік азаматтық-құқық­тық реттеу объектісі болып табылатынын айтты.

– Азаматтық құқықтың нормалары­ кәсіпкерлік саласында пайда болатын құқықтық қарым-қатынасты ғана рет­те­мейді, онда кәсіпкерлердің құқы­ғы мен заңды мүддесін сыбайлас жемқор­лық­­­тан қорғауға бағытталған бірқатар нормалар бар.

Қазақстан Республикасында кәсіп­кер­лік­ қызметті және бақылау-қадаға­лау функцияларын жүзеге асыратын органдардың қызметін реттейтін норма­тив­­тік-құқықтық актілердің көптеген са­ны қабылданған. Кәсіпкер оларға оның қызметін тексерумен байланысты сұ­рақ­­­тар пайда болған жағдайда жүгіне ала­ды. Тексеріс тағайындалғаны туралы акті негізінде тек қана бір тексеріс жүр­гі­зі­­­леді. Тексеріс тек қана тексеріс таға­йын­­дал­­ған актіде көрсетілген ла­уазым­­­­ды­ тұлғамен жасалады.

Кәсіпкерлік қызмет кез келген негіз бойынша тоқтатылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы заңды тұлғаның сот шешімі бойынша, яғни банкрот болғанда, заңды тұлғаны құру кезiнде заңдардың түзету­ге келмейтiн сипатта бұзылуына жол берiлуiне байланысты оны тiркеу жарам­сыз деп танылғанда, орналасқан же­рі бойынша немесе нақты мекен-жа­йы бойынша заңды тұлғаның таратылу жағдайларын қарайды. Сондай-ақ заң­­­ды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар жә­не лауазымды адамдар болмаған, қыз­ме­тін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асырғанда, заңды тұлғаның жарғы­­лық мақсаттарына қайшы келетін қызмет­ті үнемі жүргізгенде, қызметін тиісті лицен­зиясыз не заңнамалық актілер­де тыйым салынған қызметті іске асырған­да және басқа да заңнамалық актілерде көздел­ген жағдайларда таратылуы мүм­кін, – деді Асқар Жаметұлы.

Сонымен қатар кәсіпкер Қазақстан Рес­пуб­ликасы Азаматтық кодексінің 10-бабы­ның 3-тармағын білгені жөн. Он­да кәсіпкерлерді қорғау және қолдау тә­­­­сіл­­­дері қаралған. Яғни, кәсіпкерлік қыз­метті, қызметтің лицензияланатын түр­­­лері­нен басқа, ешкімнің рұқсатын ал­май-ақ жүзеге асыру мүмкіншілігі айтыл­­ған. Сондай-ақ кәсіпкерліктің бар­лық түрлерін экономиканың бар­лық сала­сында бір тіркеу органда шамасынша жеңіл тіркеу тәртібі мен мемле­кет­тік органдармен жүзеге асырылатын кәсіп­керлік қызметті тексеруді заңна­малық актілермен шектеу тайға таңба бас­қан­дай көрсетілген.

Кездесуге қатысқан уәкілетті орган өкілдері кәсіпкерлердің сұрақтары мен көтерген мәселелері бойынша сұрақтар­ға жауап беріп, жан-жақты талқыланды.

Жиын қорытындысында аудан прокуроры А.Кемалов уәкілеттік шегінде құқық­тық көмек көрсетуге дайын екен­дігін жеткізді.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
16 қыркүйек 2023 ж. 232 0