Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлер құқығы басты назарда

Кәсіпкерлер құқығы басты назарда

Аудандық прокуратураның ұйымдас­тыруымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексерулер мен тексерушілердің заңсыз әрекеттерінің алдын алу мақсатында бизнес өкіл­дерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында аудан прокуратурасының прокуроры Д.Ұзақбаев прокуратура жанынан кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша мобильді топтың құрылғандығын атап көрсетті. Кәсіпкерлерге заңсыз тексерулер жүргізіп қыз­метіне негізсіз араласу немесе мемлекеттік органдар тарапынан қысым болған жағдайда осы мобильді топқа жүгінуге болатындығын түсіндіріп өтті.
– Өз кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлерді негізсіз тексеруге болмайды. Бұл олардың жұмысына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан олардың құқықтары қорғалады, – деді Д.Ұзақбаев.
Басқосуға қатысқан аудандық мемлекеттік кірістер бас­қар­­масының бас маманы Н.Дайыров, аудандық кә­сіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Н.Қарсақбаев, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас­шысы Б.Мейрамбекұлы, аудандық полиция мойоры Н.Қасымханов, Қызылорда облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының маманы О.Дүйсеновтер кәсіп­кер­лер тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мә­селелерін жан-жақты талқылап, тиісті жауаптар беріл­ді. Аудандық прокуратураның прокуроры Д.Ұзақбаев кәсіпкерлерді кез келген уақыт­та қабылдауға және уәкілеттік шегінде құқықтық көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Жиын соңында кәсіп­керлерге өз құқықтарын жүзеге асыруға қатысты заң­нама нормалары түсіндірілді.

Айдана ҚАЛИЕВА
26 наурыз 2022 ж. 866 0