КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ
Дөңгелек үстелді Сырдария аудандық сотының төрағасы Абдрахман Абдулла ашып, жүргізіп отырды Шараның мақсаты қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсету, негізсіз арыздарды беруді болдырмау, салық дауларын ескерту, борышкермен несие берушінің арасында бітімгершілікке келу мүмкіндігін ұсыну болып табылады. Сонымен қатар төлем қабілеттігі жоқ борышкерге қарызды кешіру мүмкіндігін беретін оңалту мәселелерін ұғындырып, банкроттық туралы заңнаманың жаңашылдықтарын және Кәсіпкерлік кодексін түсіндіру жұмыстары екені мәлім. Сот төрағасы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұратындығын тілге тиек етті.
Шара барысында аудандық соттың судьясы Ж.Жолдасов «Кәсіпкерлік кодекс - бизнесті дамыту тірегі», «Атамекен» Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасының Сырдария ауданындағы филиалының директоры Ф.Әбжаппаров «Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың азаматтық құқықтық формалары» тақырыптарында баяндамалар жасады. Өз баяндамаларында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, кәсіпкерлер тарапынан кететін кейбір олқылықтарды заң тұрғысынан қарау мәселелері талқыланды. Кәсіпкер заң бұзушылық әрекеттерге тап болған жағдайда кез-келген уақытта өз құқығын қорғай алады. Кәсіпкерлерді құқықтық сауаттылыққа үйрету жұмыстары басты назарға қойылды.

Жеке кәсіпкерлер сала мамандарына бірнеше сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Кәсіппен айналысуда қиындық келтіретін құжат рәсімдері, құқықтық жұмыстары зерделенді. Сонымен қатар, сот төрағасы «Сот кабинеті», «Төрелік», «Сот актілерінің жаңа банкі» және тағы басқа сервистерге басымдық бере отырып, электронды сот әділдігінің мүмкіндіктерін түсіндірді. Шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша қызу пікір алмасып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Балтабай ОРДАБЕКОВ