Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Терроризмге қарсы аудандық комиссияның кезекті отырысы

Терроризмге қарсы аудандық комиссияның кезекті отырысы

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті. Оның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

Елді мекендерде балалар мен жасөспірімдерді деструктивті діни идеологиялардың ықпалынан оқшаулау мақсатында, мәдени-рухани және спорттық дене тәрбиесі бағытында ұйымдастырылған іс-шараларға қатысты бірінші мәселе бойынша аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Төрәлиев хабарлама жасады.

Ал жергілікті тұрғындар арасында түзеу мекемелерінде жазасын өтеп келгендер арасында жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері және пробация қызметіне есепке алынғандар туралы екінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Қаратаев пен аудандық пробация қызметінің инспекторы Е.Шанжаров баяндады.

Сондай-ақ, күн тәртібінде қаларған үшінші мәселе – аудан жастары арасында шетелдік теологиялық білім беретін оқу орындарына баруға ниеттілерді анықтау және алдын алуға бағытталған жұмыстардың нәтижелері, оған қоса шетелде діни білім алудың қауіптілігін оқушылар арасында түсіндіру іс-шаралары жөнінде аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Б.Смайлов және аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Жәнібеков ақпарат берді.

Аудан әкімі комиссияның кезекті отырысы бойынша тиісті мекеме басшыларына арнайы тапсырмалар берді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
02 қыркүйек 2023 ж. 307 0