Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№25 газет

08 сәуір 2025 ж.

№24 газет

05 сәуір 2025 ж.

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өткізілді

Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өткізілді

Аудан әкімі Б.Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы аудандық терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа құқық қорғау органдарының басшылары мен тиісті сала басшылары қатысты.

Күн тәртібінде негізгі екі мәселе қаралды:

Бірінші мәселе жергілікті тұрғындар арасында діни экстремизм көріністерінің алдын алу мақсатында атқарылған профилактикалық шаралар және ағымдағы жылы ақпараттық түсіндірмелік топтармен атқарылған жұмыстардың нәтижелері. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарын, интернет-ресурстарды, оның ішінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттар жарияланатын парақшаларды тұрақты мониторингілеу жұмыстары туралы аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Б.Смайлов хабарлама жасады.

Екінші мәселе жергілікті жерлерде діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бағытында атқарылған профилактикалық шараларды жүзеге асырылуы туралы Шіркейлі ауылдық округінің әкімі Т.Құламқадіров және Н.Ілиясов ауылдық округінің әкімі С.Нұрмағанбетов хабарлама жасады.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар беріп, жалпы бақылауға алынды.


Гүлжан ЕСЕНБЕК
26 мамыр 2023 ж. 555 0