Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Кезекті отырыста мәселе мәнісі сараланды

Кезекті отырыста мәселе мәнісі сараланды

Бұрнағы күні әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Р.Рүстемовтің төрағалығымен аудандық терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Атап айтқанда, тұрғындардың белгілі топтарының (сотты болғандар, мүгедектер) әлеуметтік - экономикалық мәселелерін шешу жолдары және оларды жұмыспен қамтамасыз ету туралы мәселе қозғалды. Түзеу орындарында жазасын өтеп келгендердің арасында жасалынған профилактикалық шаралардың нәтижелері, пробация қызметіне есепке алынғандар туралы мәлімет келтірілді.
Сонымен қатар Сырдария аграрлы - техникалық колледжі студенттерінің және жалпы мектеп оқушыларының арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі емес жат діни ағымдардың ықпалынан сақтану бағытында атқарылып жатқан жұмыс нақтыланды. Бұдан бөлек аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның алдыңғы отырысында қабылданған шешімдердің іске асырылуы туралы және комиссияның 2020 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасымен таныстыру мәселелері қаралып, комиссия мүшелері мен мекеме басшыларының хабарламалары тыңдалды.
Отырыста комиссия төрағасы Р.Рүстемұлы комиссия мүшелеріне және тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

"ТТ"-ақпарат
22 желтоқсан 2019 ж. 803 0