Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Нақты тапсырма берілді

Нақты тапсырма берілді

Аудан әкімінің мінде­тін­ ат­қарушы Берік Сәрменбаев­тың төрағалы­ғымен аудан әкімдігі жанын­дағы терроризмге қар­сы күрес жүргізу бойынша аудандық комиссияның отырысы өтті. Комиссияның күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралып, тиісті сала басшыларының хабарламалары тыңдалды.

Алдымен, аудандық қоғамдық даму бө­лімінің басшысы Бейбіт Смайлов ақпа­рат­тық түсіндірмелік топтың атқарған жұ­мыс­тарының есебін берді. Бөлім басшысы әлеуметтік желілерде деструктивті діни идео­логияларға қарсы насихатты ұйым­дас­тыру жұмыстарының нәтижелеріне тоқ­талды. Сонымен қатар ақпараттық түсіндір­мелік тобы мүшелерінің белсенділігі және осы мақсаттағы жұмыстарға блогерлерді тарту бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Мұнан соң жастар арасында діни экстре­мизмнің алдын алу, жастарды қоғамға бейімдеу, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында жүргізілген іс-шаралар туралы аудандық жұмыспен қам­ту, әлеуметтік бағдарламалар және азамат­тар­дың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Мақсұт Қаратаев пен аудандық жастар ресурстық орталығы мамандарының есебі тыңдалды.

Комиссияда аудан аумағындағы терро­ристік тұрғыдан осал объектілерге жүргі­зілген тексерулердің қорытындысы да тал­қыланды. Бұл бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғани Тұрсекеев хабарлама жасап, нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру бағытында назар аудар­уы тиіс жұмыстарды айтып өтті. Комиссия отырысының қорытындысы бо­йынша жауапты мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, оның орындалуы бақылауға алынды.

«ТТ» ақпарат
25 ақпан 2023 ж. 531 0