Терроризмге қарсы облыстық комиссия отырысы өтті
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы облыстық комиссияның отырысы өтті.
Облыстық дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Қамзаев аймақта деструктивті діни ағымдар идеологиясына тартылғандарды оңалту жұмысының деңгейін арттыру жайын баяндады.
Кәмелетке толмаған балалар арасында радикалды діни идеологияның таралуының алдын алу бойынша ұсыныстарын ортаға салып, шетелде діни білім алудың тиімсіздігі туралы ақпараттандыру жұмыстарының нәтижесіне тоқталды. Осы мәселе бойынша Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының әкімдері мен облыстық білім басқармасының басшысы қосымша баяндама жасады.
Мұнан бөлек, облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев пенитенциарлық жүйе мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды дерадикализациялау мен оңалтудың тиімділігін арттырудың жай-күйі мен шараларын таныстырды.
Жиында айтылған пікір-ұсыныстар бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырма берілді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі