Комиссияның кезекті отырысы
Аудан әкімі Талғат Дүйсебаевтың төрағалығымен аудандық терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Комиссия отырысындағы алғашқы мәселе «Аудандық ақпараттық түсіндірмелік тобымен 2020 жылы атқарылған жұмыстарының нәтижелері және бұқаралық ақпарат құралдарын, интернет-ресурстарды, оның ішінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуы бойынша ақпараттар жарияланатын парақшаларды тұрақты мониторингілеу» болды. Одан кейін «Аудан көлемінде мемлекеттік тапсырыстар аясында әлеуметтік жобаларды орындау кезінде кемшіліктерді болдырмау жұмыстарын жүзеге асыру және ұсыныстар қарастыру», «Шетелде діни білім алудың қауіптілігін түсіндіру жұмыстарының тиімділігі туралы» және «Облыс және аудан әкімдіктері жанындағы терроризмге қарсы комиссиялардың алдыңғы отырыстарында қабылданған шешімдердің іске асырылуы» туралы комиссия мүшелері мен мекеме басшыларының хабарламалары тыңдалды. Баяндамашылар есепті кезеңде ауданда атқарылған жұмыстардың есебін беріп, діни экстремизм мен терроризмді болдырмау бағытындағы шараларға тоқталды.
Отырыс қорытындысымен комиссия төрағасы тарапынан тиісті тапсырмалар беріліп, хаттама толтырылды.
«ТТ» ақпарат