Кеңес мүшелерінің белсенділігі жоғары
Қоғамдық кеңес – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Бүгінде ауданымызда аудандық қоғамдық кеңес нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Кеңеске Марат Еспенбетов төрағалық етеді.
Сырдария аудандық Қоғамдық кеңесінің жұмысы сан түрлі саланы қамтиды. Кеңес құрамында түрлі саланың өкілдері, ардагерлер, үкіметтік емес ұйым мүшелері, қоғам белсенділері мен мәслихат депутаттары бар.
2023 жылдың І жартыжылдығында Сырдария аудандық Қоғамдық кеңесінің 7 отырысы өткізіліп, 22 мәселе қаралды. Аудандағы өзекті мәселелерді назарға алған кеңес мүшелері жергілікті атқарушы органдарға нақты ұсынымдар енгізіп, оның орындалуын бақылауға алды.
Есепті мерзімде Қоғамдық кеңес мүшелеріне аудан әкімі, аудандық мәслихат төрағасы, бірқатар ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары есеп берді. Аудан бойынша қолға алынған ілкімді істер кеңес мүшелерінің оң бағасына ие болды. Қажетті тұстарда сын-ескертпелер мен ұсыныстар да айтылды.
Елдің орнықты дамуында Қоғамдық кеңестің алатын рөлі зор. Мұны Мемлекет басшысы да айтып өткен болатын. Сондықтан Сырдария аудандық қоғамдық кеңесі «ҚР Қоғамдық кеңестер туралы» заңын басшылыққа алып, жұмыс жүргізеді. Халық пен билік арасына дәнекер болу – кеңес мүшелерінің тікелей міндеті.
Жандос Әбубәкіров,
Сырдария аудандық
Қоғамдық кеңесінің хатшысы
Сырдария аудандық
Қоғамдық кеңесінің хатшысы