Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы жасақталды

Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы жасақталды

Сырдария аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Ергешбаевтың, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікеновтің қатысуымен аудандық қоғамдық кеңестің жаңа құрамның алғашқы отырысы өтті.
— Ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді, халықтың мұң-мұқтажын тікелей билік өкілдеріне жеткізуде қоғамдық кеңестің маңызы зор.
Жаңадан құрылған аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің құрамында – ауданның саяси-әлеуметтік, экономикалық салаларын дамытуға үлес қосып, халық шаруашылығын ұйымдастыруда сыннан өткен, түрлі салаларда көп жылдар бойы қызмет атқарып мол тәжірибе жинақтаған ардагерлер бар.
Мемлекет басшысының "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Жолдауында жүктелген міндеттер аясында атқарушы билік өкілдерімен бірлесе табысты жұмыс жасап, кеңесте қаралған мәселелер оң шешімін табатынына сенім білдіремін — деді аудан әкімі.
Жаңа құраммен бас қосқан қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысымен қоғамдық кеңестің төрағасы болып ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Еспенбетов Маратбек Нағымұлы сайланды.
Осыдан кейін М.Еспенбетовтің төрағалығымен күн тәртібіне сәйкес қоғамдық кеңес Ережесі, алқа мүшелері және түрлі салаларға орай комиссия құрамы бекітілді.

"ТТ" ақпарат
20 наурыз 2022 ж. 532 0