Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық кеңес отырыстары өтті

Қоғамдық кеңес отырыстары өтті

Бұрнағы күні «Nur Otan» партиясының Сырдария аудандық филиалы жанындағы бірқатар қоғамдық кеңестің кезекті отырыстары өткізілді. Кеңеске аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары қатысты.

Ең алдымен «Аграрлық секторды дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты төрағалық еткен отырыстың күн тәртібінде бір мәселе талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес сайлауалды бағдарлама аясында әзірленген Жол картасы бойынша аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің атқарған жұмыстарының есебін тыңдауға арналды. Бұл туралы бөлім басшысы Н.Жұмабековтың баяндамасы тыңдалды.

Кеңес отырысы барысында қатысушылар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.

Сондай-ақ, «Өңірлік даму» жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысын кеңес төрағасы Е.Әжікенов ашып, жүргізіп отырды. Жиынның күн тәртібінде бір мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе Жол картасының тұрғын үй және жол салу мәселесіне қатысты тармақтарындағы индикаторлардың орындалуына арналды. Бұл мәселе жөнінде Сырдария аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Бақтияров баяндады.

Хабарламашылар баяндамаларын аяқтағаннан соң, кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.


Расул ЕСЕНОВ,
облыстық мәслихат депутаты,
Nur Otan партиясының мүшесі


13 желтоқсан 2021 ж. 555 0